Бұл оқу құралы техник –электриктерді Қазақстан Республикасының
қазіргі ақпараттық кеңістігінде кәсіби коммуникацияларға практикалық
оқытуға арналған. XXI ғасырдағы білім берудің басты құндылығы-диалог
пен коммуникация үшін ашықтық. Оқу құралы кәсіби қоғамға және оның
барлық салаларына өзін-өзі ұйымдастыру мен қарым-қатынастың жаңа
формаларын енгізеді. Жұмыс пәнаралық сипатқа ие, мемлекеттік және кәсіби
қазақ әдеби тілдері мен арнайы пәндер қиылысында құрылған.